2022 жылдың 19 мамырында «Шемонаиха колледжі» КММ-де бірінші және екінші курс студенттері арасында «Жаңа Қазақстан – Конституцияның 2022 жылғы жаңартулары, өзгерістердің 10 жарқын мысалы» тақырыбында ақпараттық сағаттар өтті.
1-20 топ кураторы Е.И. Кирш және 6-21 топ кураторы Е.Ю. Костубаева Шемонаиха аудандық штабының мүшесі А.М. Сорокоумовпен бірге референдум өткізілетіндігі жайлы студенттерді хабардар етті.
Қазақстанда 5 маусымда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтеді. Бұл туралы заң жобасында Негізгі заңның 33 бабына 56 түзету енгізу қарастырылған. Өзгерістерді президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
«Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтады».









