«Табысты адам – дамыған Қазақстан»
2022 жылғы 20 қазанда «Табысты адам – дамыған Қазақстан» атты жетістікке жеткен азаматтармен кездесу өтті. Іс – шараның басты мақсаты: жастарды табысты және көрнекі азаматтармен кездестіріп, ортамызда болып жатқан шараларға өздіктерінен қатысып, адамгершілігі мол және алдына қойған мақсаттары жоғары тұлға болуды қалыптастыру. Біздің қонақтарымыз: М.Е.Желдібаев, Ю.П.Сторожилов, Е.И.Шабанова, С.И.Лычагина студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өздерінің ұстанымдарымен және құпияларымен бөлісті. Өткізілген әңгімеге келген қонақтар мен студенттерге алғыс білдіреміз. Осындай кездесулер біздің қоғам құндылықтарын сақтауға және нығайтуға септігін тигізеді. Отанымызда неғұрлым табысты адамдар көп болса, мемлекетіміз соғұрлым дамиды.
https://shemkol.edugov.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/otbasyly-t-rbie-3.html#sigFreeId740e666937
Сайлау процесінің құқықтық негізі
Алдағы ҚР президентінің сайлауы қарсаңында 2022 жылғы 22 қазанда Шемонаиха ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Р.Д.Косиновпен «Шемонаиха колледжі» КММ жас сайлаушылар – студенттер қауымымен «Сайлау процесінің құқықтық негізі» атты кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге саулау бойынша міндеттері мен құқұқтарын түсіндірді, азаматтық борышын орындауға шақырды.
https://shemkol.edugov.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/otbasyly-t-rbie-3.html#sigFreeIde58ca82bc7
Демалыс күнінің бағыты. 2022 жылғы қыркүйек.
ШҚО ББ «Шемонаиха колледжі» КММ жатақханасында тұратын студенттердің бос уақытын ұйымдастыру – бұл бос болмау, көңіл көтеріп, кері ойды ояту, шығармашылық ізденісті ынталандыру, мәдени деңгейді арттыру, қызығушылықтар аумағын кеңейту, бос уақытты өз бетінше ұйымдастыру дағдыларын игеру. Тәрбиешіге білім алушылардың тыныс-тіршілігін ұйымдастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі растауына, дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін қызмет түрлеріне назар аудару, жатақханада ұжымды біріктіруге көмектесу сеніп тапсырылған.
https://shemkol.edugov.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/otbasyly-t-rbie-3.html#sigFreeId747b77e9c3








 
	


 
		