ХАБАРЛАНДЫРУ
ШҚО ББ «Шемонаиха колледжі» КММ
9 сынып базасында 2025-2026 оқу жылына
талапкерлерді қабылдайды:
Негізгі орта білім базасында (9 сынып) оқу мерзімі 2 жыл 10 ай болатын мамандықтар:
- 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру, 3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі
- 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру, 3W10130302 Аспазшы
- 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша), 3W07130101 Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2025 жылғы 25 маусымнан бастап 2025 жылғы 25 тамызға дейін дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Құжаттарды кәмелет жасына толған азаматтар – жеке өзі, кәмелет жасына толмағандар заңды өкілдерінің қатысуымен тапсырады.
Қабылдау емтихандары жоқ
- Оқыту тегін.
- Басқа қаладан келген студенттерге жатақхана беріледі.
- Барлық студенттер бір реттік ыстық тамақпен қамтылады.
Колледжге түсуге арналған құжаттар:
- Құжаттарды қабылдау туралы өтініш (колледжде толтырылады);
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат);
- Өлшемі 3х4 см, 4 дана фотосурет;
- I және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін №075-У нысанындағы медициналық анықтама 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы.
- Жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік) (жеке басын сәйкестендіру үшін). Жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
Барлық сұрақтар бойынша 3-05-15 телефонына немесе А.Иванов көшесі, 155 мекенжайына, 8 777 255 40 46 ұялы телефонына хабарласуға болады.









