КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ
Миссия: Қоғамның өзгермелі жағдайларына тез бейімделе алатын жаңа буынның білікті кадрларын даярлау (колледждің миссиясы – оның түпкілікті нәтижеге бағытталған қызметінің мәні, колледждің мәртебесін, оның қызмет ету принциптерін, басшылықтың жұмысы мен ниетін жариялайды)
Пайымдауы: Дәстүрді сақтай отырып, жаңашылдықты енгізе отырып, оқу орны әлемдік ғылыми-тәжірибелік жетістіктер мен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін колледж ретінде белгіленді.
Стратегиялық мақсаты: Білім беру бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру арқылы аграрлық секторда өзінің кәсіби әлеуетін іс жүзінде жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
Стратегиялық міндеттері:
- Оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін арттыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, мемлекеттік стандарт деңгейінде өз мамандығын меңгерген түлектің жоғары рейтингісіне қол жеткізу.
- Колледждің оқу-тәрбие, әлеуметтік және тұрмыстық қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны нығайту және үздіксіз жаңғырту.
- «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы бойынша оқушыларды қазақстандық патриотизм мен жоғары азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеу.
- Колледж қызметкерлерінің еркін шығармашылықпен айналысуы, білім деңгейін көтеру, кәсіби дамуы және өзін-өзі көрсетуі үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
- Облыстың және республиканың еңбек нарығының сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында колледж түлектерінде жоғары кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
- Облыс пен республиканың еңбек нарығының нақты сұранысына сай бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман даярлау мақсатында колледждің әлеуметтік әріптестік саласын жетілдіру.
Саясат: Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби құзіреттілікті арттыру мақсатында инновациялық технологияларды қолдану арқылы кәсіби және әлеуметтік құзыреттерге ие азамат пен патриоттың өзін-өзі қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті тұлғасын дайындау.









