МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ
- Тегі, аты, әкесінің аты: Амерханова Гульнара Слямхановна
- Лауазымы, жұмыс орны, қызметі (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек): директор, ШҚО ББ «Шемонаиха колледжі» КММ
- Жынысы: әйел
- Туған жылы және туған жері: 1962 ж., Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Приозерный ауылы
- Ұлты: қазақ
- Білімі: жоғары
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
- Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік марапаттарымен
марапатталған және марапатталған күні: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2016 жыл; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құттықтау хат, 2018 жыл; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, 2019 жыл;
- Үйінің мекенжайы: ШҚО, Шемонаиха қаласы, Болашақ көшесі, 68
- Жалпы жұмыс өтілі: 40 жыл
- Саладағы жұмыс өтілі: 40 жыл
- Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 40 жыл
- Марапатталатын қызметкердің ерекше сіңірген нақты еңбектері көрсетілген сипаттама:
Гульнара Слямхановна өзінің еңбек жолын, оқуын аяқтай сала 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданыныда орналасқан, Рулиха атындағы №104 ауыл шаруашылық кәсіптік-техникалық училищесінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады.
Еңбек жолының алғашқы жылдарындағы кездескен түрлі келеңсіздіктер мен қиыншылықтарға мойымай, жалынымен, бойына берген ерекше қабілетімен оңай жеңіле салмайтын адуынды да, асау мінездің бар екенін бірге қызмет жасап жатқан әріптестеріне дәлелдей білді. Әркез өзін жаңа қырлары арқылы танытып, жас маман ретінде күннен – күнге сирек кездесетін жаңашыл қабілеттерін ұштап, адами қалыптасу жолында өз-өзін іштей ширатып, шыңдай түсті.
Гульнара Слямхановна 2009-2012 жылдар аралығында Шемонаиха қаласында орналасқан ММ №19 Кәсіптік лицейде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
1992 жылдан бастап, жоғарыдағы аталмыш оқу орынында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметіне ауыстырылып, 10 жылға таяу педагогикалық тәжірибесін жүздеген шәкірттерге мемлекеттік тілді оқып, үйренуге, оларды жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті азаматтар тәрбиелеу жолында өн бойына біткен барша қасиеттерімен, жүрегінде бар жылуды балалар болмысына сіңіруге тыңбай талпыныс жасады.
Гульнара Слямхановна 2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетенің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдап шықты.
2013-2016 жылдар аралығында Гульнара Слямхановна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметін атқарып жүріп, өз ұжымында сыйлы тұлға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің үлгісін таныта білді.
2017 жылдан бастап жоғарыдағы аталмыш колледждің директоры қызметіне тағайындалды. Ол басшылық қызметіне келгеннен бастап, оқу орынына байланысты қордаланып қалған өзекті мәселелерді колледж ұстаздарымен бірлесе отырып, оңтайлы шешімдерді дер кезінде қабылдап отырды. Әр түрлі салаларды көп жылдардан бері қызмет жасап келе жатқан отандастарымызға ерекше көңіл бөліп, олардың жұмыс атқаруға деген құлшыныстары мен пейілдерін арттыру мақсатында маңызды шаралар ұйымдастырылып, еңбек озаттарын марапаттау сынды игілікті істерге жиі көңіл бөліп жатқанын аңғаруға болады.
Гульнара Слямхановна өзі басшылық қызмет жасайтын білім беру колледжінде аса қатал тәртіп пен талап ету және орындалуы тиіс болған балық шараларды өз бақылауында ұстап, үлкен ұжымды асқан шеберлікпен басқарып келеді. Колледжге қабылданып жатқан жас студенттердің оқу үлгерімі мен тәртібі, жатақхана мен қамтылуы сынды өзекті мәселелердің оңтайлы шешімдерін ұжым ұстаздарымен бірге тізек қосып, күш біріктіре отырып, шешім қабылдайды.
«Шемонаиха колледжі» КММ көп жылдар бойы 9-11 сынып базасында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды тегін оқытумен, тамақпен, жатақханада тұрумен қамтамасыз етеді.
Гульнара Слямхановна басшылық еткен жылдары колледждің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарына көп үлес қосты, атап айтқанда:
- коледждің жылыту жүйесі ауыстырылды;
- оқу корпусы мен жатақханадағы ескі терезелер заманауи терезелерге ауыстырылды;
- жатақханада ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
- «Ауылшаруашылығын механикландыру», «Ғимараттар мен кешендерді салу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі», «Электр жабдықтары» сынды шеберханалар ашылды;
- оқу және әкімшілік корпустарының және қазандықтың шатырлары күрделі жөндеуден өтті;
- ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды (доңғалақты трактор)
- көлік жүргізуді оқытуға арналған жеңіл авто көлігі сатып алынды;
- колледж қазандығы күрделі жөндеуден өтті;
- колледж аумағында көркейту жұмыстары жүргізілді;
Қазіргі таңда мамандарға қойылатын заманауи талаптар жыл сайын артып келеді, сондықтан бәсекеге қабілетті болу үшін колледж студенттері «Дәнекерлеу технологиялары», «Ауылшаруашылық машиналарының Слесарь-жөндеушісі» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills өңірлік чемпионатына белсенді қатысады. 2021 жылы «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша 3 орын, ал 2022 жылы - 2 орынға ие болды. Сонымен қатар, колледж студенттері жыл сайын аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі пән олимпиадаларына және кәсіби шеберлік сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Колледж студенттерімен қатар ұстаздар ұжымы да жыл сайын әр түрлі сайыстарға қатысып отырады. Биылғы оқу жылында колледж педагог-психологы Ю.Н.Егоркина инновациялық жұмыстарының республикалық сайысына қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Сондай-ақ, «Ауылшаруашылығын механикландыру» мамандығының өндірістік оқыту шебері И.В.Крыцкий облыстық семинарға қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды.
Колледж және ауданымыздың әлеуметтік серіктестік әріптестері арасында болашақ мамандарды даярлау ісі тиімді жолға қойылған. Бұл «Камышенское» ШҚ, «Шемонаихинское» ШҚ, «Белокаменское» ЖШС, «Выдрихинское» ЖШС шаруашылықтармен тығыз байланыста болады. Осыған орай, ЭЫДҰ АҚ облыстық кәсіпорнымен бірлескен ынтымақтастық меморандумы жасалып, энергетика саласындағы дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар дайындалуда.
Өндірістік оқыту үрдісі колледж базасындағы шеберханаларда және жабдықталған зертханаларда өтеді. Студенттердің өндірістік тәжірибесі ауданның кәсіпорындарында жүзеге асырылады, онда студенттердің көпшілігі өз еңбегі үшін жалақы алады.
Колледждегі тәрбие жұмысы білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес, ұлттық құндылықтарды сіңіруге, патриотизм мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, білім алушылардың жан-жақты қабілеттерін дамытуға бағытталған. Патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін дамыту, қоғамда өмір сүру дағдыларын қалыптастыру жөніндегі мәселелерді шешу үшін, студенттермен түрлі іс – шаралар өткізіледі: акциялар, сынып сағаттары, конкурстар, мұражайларға бару, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары, жеке әңгімелер, туристік слеттер, даулар, көшеттер отырғызу, еңбек десанттары, дөңгелек үстелдер, т.б.
«Ашық жүрек» клубының волонтерлік жұмысы (20 адам) өте нәтижелі. «Жеңіс еріктілері» жобасын іске асыру нәтижесінде 1941-1942 жылдары Ростов Дон қаласында құрылған және Шемонаиха қаласында орналасқан № 1596 эвакуациялық госпиталь материалдарын жинау мақсатында іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Еріктілердің жұмысы осы кезеңде қайтыс болған және қалалық зиратқа жерленген жауынгерлердің жеке басын анықтауға бағытталған. Бұл қайтыс болған жауынгерлерді еске алу және туыстары мен жақындарына олардың жерленген жері туралы хабарлау үшін жасалады. Бұл жұмыс 5 жыл бойы жүргізілуде.
Шемонаиха ауданының Ардагерлер Кеңесімен бірлесіп, соғыс және еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек ұйымдастырылады.
Колледждің тәрбие жұмысының басты назарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие қарастырылғын: прокуратура қызметкерлерімен кездесулер, бейнероликтерді қарау және талқылау, кураторлық сағаттар, анонимді сауалнама. СӨС және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында студенттер тарапынан қызығушылық үйірмесі бар, тәрбиеленушілердің 80% - на дейін қамтылған спорт секциялары жұмыс істейді. «Салауат» жастар қоғамдық қозғалысы-колледждің жиі қонағы. «Жастар орталығы» мен колледждің студенттер активінің бірлескен жұмысы білім алушыларға уақыттың елмен байланысын көруге мүмкіндік береді.
Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Кездесулер, жеке әңгімелер, сынып сағаттары, дәрістер, психологиялық жағдайларды талқылау өткізіледі.
Колледждегі кітапхана жұмысы студенттердің жан-жақты білімін жетілдіру мақсатында үлкен жұмыс атқарады. «Бір колледж - бір кітап» - бұл кітапқа және ел көшбасшыларына, оның тарихына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің нақты мысалы. Колледж студенттерімен бірлесіп кітапханашы түрлі жұмыстар жүргізеді: «Оқу көшбасшысы» викторинасы, кітапхана сабағы және квест. «Жыл мерейтойлары», «Шемонаиха ауданының шежіресі», «Ұлы Отан және Ауған соғыстарының батырлары», «Туған өлке жазушылары» тақырыптық стендтері ерекше мазмұнды. Барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Колледж ұжымы жыл сайын Отанымыздың мемлекеттік маңызы бар мерекелерін атап өтеді. Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин сияқты қоғам қайраткерлері мен жазушыларға арналған интернет-конференцияларға, онлайн-фестивальдеріне белсене қатысады. Жыл сайын колледж студенттері қаладағы басқа оқу орындарының студенттерімен әр түрлі спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.
Заманауи тұрғыда жабдықталған спорт залында колледж студенттері және педагогтар ұжымы үнемі спорттық үйірмелер мен секцияларға қатысып отырады. Осыған орай, салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы студенттер арасында дұрыс жолға қойылған.
Гульнара Слямхановна өзінің 40 жылдық еңбек өтілі нәтижесінде мемлекет тарапынан бағаланусыз, назардан тыс қалған емес. Ұлағатты ұстаз көп жылғы еңбегі мен білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысы А.Сұлтанованың «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұл да болса педагогикалық қызмет жолында жолыққан қиыншылықтар мен өлшеусіз төккен тердің өтеуі.
2018 жылы Шемонаиха ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Белсенді азаматтық ұстаным және қазақ тілінің дамуына жеке үлес қосқаны үшін» Грамотасына ие болды. Мұнымен бірге, ауыл әйелдерінің І Форумы аясындағы «Ауылдағы білім беру ұйымының үздік жетекшісі» номинациясы бойынша Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев мырзаның «Құттықтау хатына» ие болу мәртебесі бұйырған болатын. Гульнара Слямхановна - жеке оқыту стилі бар тәжірибелі педагог, әрптестері мен білім алушылар арасында жоғары беделге ие.
Қорыта келе, осы айтылған жетістіктердің барлығы ерен еңбек пен заманауи шығармашылықтың нәтижесі.
Амерханова Гульнара Слямхановнаның /Амерханова Гульнара Слямхановна/ кандидатурасы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2023 жылы 31 тамыздағы №4 хаттамасымен талқыланды және ұсынылды.
(кәсіпорынның, мекеменің атауы, талқылау мерзімі, хаттама №)










