«Адалдық бар жерде адамдық бар» - адалдық ұғымында адамдық қасиеттер мен жауапкершілікті күшейту идеясы жатыр.

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде адамзаттың қоғамдық санасын өзгерту қажет. Бұл бағытта сатушы жоқ. Адалдық дүкенінің ашылуы жақсы және нығайтылған дәстүрге айналды. Дүкенде тауарға бақылау жоқ және тауарды алған сатып алушы да өз еркімен ақша төлеуі керек.

Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды имандылыққа баулу. Осы мақсатта біздің колледжде адалдық дүкені жұмыс істейді. Мұнда сатушының жоқтығынан өзіне-өзі қызмет көрсету жұмыстары ұйымдастырылған. Мұндай іс-әрекеттер оқушыларды жағымды адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде ішкі тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған. Осымен қатар кейінгі ұрпақ пен қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Аталған жобаны жүзеге асыру аясында қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу мәдениетін қалыптастыру, жастар арасында адалдыққа тәрбиелеу көзделген.

Колледжімізде «Адалдық» дүкені жас ұрпақтың бойында адалдық қасиеттерін шыңдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететіні анық.